25
январь
2024
🔱ТӨРТ ТОҚСАН ТӨРТ ӨНЕР🔱
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын,тегін, салт-дәстүрін, тілін, азаматтық мәдениетін,адами қасиеті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту - өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістітерімен үйлестіру. Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық рухани қасиеттер бірте-бірте қалыптасары сөзсіз. Тұлға бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудың көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет болса, ұлтық құндылық, ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтың жоғары көрсеткіші. Тәрбиенің негізі болып саналатын адамзаттық құндылықтардың бірі тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі болып табылады. Мектебімізде ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында Технология пәні мұғалімі Нурмаханов Г.Б. жетекшілігімен 6-9 сынып оқушылары ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын жасап, жасалу жолы мен шығу тарихымен танысты.
Мақсаты: Ұлтымыздың тұнып тұрғaн асыл мұра, рухани байлығын оқыту үдерісінe енгізу арқылы қазaқ хaлқының құнды ойларын, даналық пәлсaпаcын, өмірлік тәжірибeсін халық игілігі үшін қолдaна алaтын жан-жақты дамыған, білімді, өзіндік көзқaрасы бaр жеке тұлғаны қaлыптастыру.


