Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№252 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72432) 4-28-63

Электронная почта
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ⚜️ ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР⚜️
01
февраль
2024

⚜️ ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР⚜️

⚜️ ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР⚜️
   № Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясында 30.01-09.02 аралығында "ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР"  бағдарламасы аясында  5-11 сыныптар арасында сынып жетекшілері  мен технология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 
" Ұлттық көрме " атты  көрме өткізілуде. Қолөнер туындылары әсемдік пен сәндіктің белгісі ғана емес , сонымен бірге  халықтың арман -ойының ,тілек мүддесінің нышаны. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет.
Көрменің мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық қолтаңбасын, өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, мақтаныш ету. 09.02 күні көрме жұмыстарына қортынды жасалып, үздік жұмыстар арнайы мадақтама қағазымен марапатталады.
 Ұлттық өнер –халқымыздың қолданбалы өнерінің ең биік жетістіктерінің бірі.  Осы уақытқа дейін күнделікті тіршілікте қолданылып келген түрлі ою-өрнектер, әшекей бұйымдар – талай ұрпақтың ақыл-ойының жемісі.
Ұлтымыздың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халықтың мүддесі мен мұқтажын жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген.                        
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы –  тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сол ұлттық құндылықтарымыздың арқасында біз өзіміздің ұлттық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз.  Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз  қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба? – деп алаңдауымыз керек.                                                                     
Абай: «Адамды заман билемек, заманға жаман күйлемек»- дейді. Бұл әлемдік даму жолын түсінуге мүмкіндік береді. Біз үшін жасанды, виртуалды, әлемде жоғалып кетпеу, жаһандану заманында өзіміздің ұлттық болмысымызды, ұлттық бірегейлігімізді және рухани ерекшелігімізді сақтап қалу аса маңызға ие.  XXI ғасырда  рухы биік, әлем мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай белес тұр. Бұл ең маңызды мәселелердің бірі.                              
Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына. Әрине, халқымыздың ұлттық құндылықтары өте көп.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив