29
октябрь
2024
«Қазақ халық ертегілері», "Аңыз ертегілер", "Қиял-ғажайып ертегілер" тақырыбындағы кітаптарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолдану
«Қазақ халық ертегілері», "Аңыз ертегілер", "Қиял-ғажайып ертегілер" тақырыбындағы кітаптарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолдану
Мақсаты:
Қазақ халқының педагогикалық элементтері, бай салт-дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі мол. Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы жоғары. Жазу-сызу болмаған кезде халықтың ой-арманынан шыққан әңгімелер, жұмбақтап айтқан сырлары, жаңылтпаштар, өткір тіл, ұшқыр ойдан шыққан мақал-мәтелдер, қиял-ғажайып ертегілер, т.б. баланың тілін, ой-өрісін дамытуда ерекше рөл атқарады. Балалар ертегі тыңдап, бір-біріне жұмбақ жасырғанды, жаңылып жаңылтпаш айтқанды, тұрмыс-салт жырларын тыңдағанды ұнатады. Осы ертегілерді сабақ кезінде қолдану барысында оқушылардың қызығушылығын арттырып, өз елінің құндылықтарын бағалап, патриоттық сезімін ояту.
Халық ауыз әдебиетінің салалары көп. Олар: ертегілер, жырлар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, т.б. Осы салаларды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай және оларды жалықтырып алмайтындай етіп, сана-сезіміне әсер ету арқылы қызықтыра отырып бойларына сіңіру, әрі олардың тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етері хақ. Өйткені сәби жастан бастап балаларға ертегі тыңдатып, халық ауыз әдебиетінің элементтерімен сусындату келешек ұрпақ ойының ұшқырлығына, тілінің байлығына, сана-сезімінің өсіп-дамуына көп әсерін тигізеді.
«Қазақ халық ертегілері», "Аңыз ертегілер", "Қиял-ғажайып ертегілер" тақырыбы аясында №252 Г.Н. Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясында 6-сынып оқушыларын қазақ ертегілерімен таныстыру, талдау, оқу сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізілді.
Оқуышларға ұсынылған ертегі кітаптарынан шытырман оқиғалар туралы оқып,танысты. Сондай-ақ ертегі кітаптарында қазақ халқының поэтикалық шығармашылығын, оның жақсылықтың зұлымдықты жеңуіне деген берік сенімін бейнелейтін жануарлар мен құстар туралы ертегілер ұсынылған. Бұл жоба ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, әңгімелеуге ғана үйретіп қоймай, балалардың эстетикалық талғамын, білімін, сөйлеу нақышын, қызығушылығын арттыратыны анық. Балалардың ертегілерді оқып, жарыса талдауға деген ынталары зор.
Показать перевод
Все реакции:66