05
сентябрь
2022
"Тіл мерейі- ел мерейі!" атты сыныптан тыс іс-шара
№252 Г.Н Ковтунов атындағы мектеп- гимназиясының 5 "а" сыныбында 5-қыркүйек Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай "Тіл мерейі- ел мерейі!" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Іс- шараның негізгі мақсаты:* Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбек жолын таныстыру.Оқушылардың мемлекеттік тілді қаншалықты дұрыс қолданатынын тексеру. Олардың Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, мақал- мәтелдерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Іс- шарада тақырыпқа байланысты сұрақ- жауап рубрикасына оқушылар белсене ат салысты. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығынан үзінді оқып, "Тіл мерейі- ел мерейі" тақырыбында постер қорғап ұшқыр ойларын жеткізе білді.



