Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№252 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72432) 4-28-63

Электронная почта
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Орыс тілі мен әдебиеті пәні лауазымына конкурс
27
август
2022

Орыс тілі мен әдебиеті пәні лауазымына конкурс

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШИЕЛІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «Г.Н.КОВТУНОВ АТЫНДАҒЫ №252 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ»КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ОРЫС ТІЛІ ПӘНІНІҢ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Кандидатқа қойылатын талаптар:
1. Пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі ғылыми- педагогикалық (магистрлік) білімін растайтын құжат;
2. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының» 3 тарау, 1 параграфының, 107 тармағына сәйкес педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог–сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін “педагог” санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болуы міндетті.
Білуге міндетті:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясын;
2. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексін;
3. Қазақстан Республикасы “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілерді;
4. Педагогика және психология негіздерін;
5. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;
6. Үлгілік оқу жоспарларын;
7. Оқу бағдарламаларын;
8. Педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін;
9. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын;
Құжаттар тізімі:
1. Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Лауазымдық міндеттері:
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пән ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады:
2. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді;
3. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады;
4. Пәнннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарын құрады;
5. Оқыту процесіне инновациялық ақапараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді;
6. Білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді.
7. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады. Оны оқу жоспарымен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
8. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады.
9. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының» 3 тарау, 1 параграфының, 107 тармағына сәйкес (19.11.2021ж №568 өзгерістерімен) жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау: 2022 жылдың 27 тамыз – 5 қыркүйек аралығында;
Конкурс өткізу күні: 2022 жылдың 6 – 12 қыркүйек аралығында;
Конкурстық құжаттар қағаз түрінде: Қызылорда облысының Білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «Г.Н.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлімінде қабылданады.
Электронды түрде: chieli_252@mail.ru

​https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02kM69ebViD7YERjzik5fzrh3YtwBD1Da1TaXKsZ3GrYPNt4Z2acgDU4tp3A5idATDl&id=100084218779275&eav=AfZ_U9OohZygCN8a21UaALdWSQZiEb6O7W-hH7e1JsfZQ2XPq4I3GBQImcWiFvDbJO4&paipv=0​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив