28
январь
2024
⚜️ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС-ШАРА⚜️
ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Оқушылардың білім сапасын көтеру – қазіргі өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде. «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы іс-шараларды өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған орай, білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту, креативті және сыни ойлауын дамыту мақсатында «Қазақ есебі» челленджі бастау алды. Бүгін Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясында 3-10 сыныптар аралығында «Қазақ есебі» республикалық челленджі өткізілді.
Тәуелсіздігімізді одан әрі қамтамасыз ету үшін елімізде қабілетті, парасатты, отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеу ұлттық деңгейде болуына баса назар аудару қажет.
Жас ұрпақ тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті. Жаңа XXI ғасыр – білімді ұрпақты жарқын келешекке апаратын ғасыр.

