Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№252 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72432) 4-28-63

Электронная почта
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "ТОҒЫЗ АЙҒА - 9 ІС-ШАРА" ЖОБАСЫ АСЫНДА "КҮЙ КҮМБІРІ"
20
март
2024

"ТОҒЫЗ АЙҒА - 9 ІС-ШАРА" ЖОБАСЫ АСЫНДА "КҮЙ КҮМБІРІ"

"ТОҒЫЗ АЙҒА - 9 ІС-ШАРА" ЖОБАСЫ АСЫНДА "КҮЙ КҮМБІРІ"
2024 жылдың  20 наурызда сағат 12.00-де  мектебімізде оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен Республикалық " Күй күмбірі" атты челленджі өткізілді. Челлендж барысында  "Ерке сылқым" және "Адай" күйі тартылды. 
"Күй күмбірі" челленджінің мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттың мәдени мұрасын сақтау және тарату, дәуірлік аспап – домбырада ойнауды кеңінен насихаттау.
Өткен дәуірдің ұлы ойшылдары мен күйшілері: Абай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Жаяу Мұса қазақ халқының дүниетанымын, сезімін, арман-тілегін домбыра үнімен бейнелеген. Олардың дәстүрін бүгінгі ұрпақ жалғастырып келе жатыр – мерекеде  Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлері шырқалып, қазақтың сұлу да еркін даласының шексіз кеңістігінен сыр шертетін. 
Домбырашылар челленджі  республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады.
Әр уақытта Наурызда өткізілетін мерекелік іс-шаралар, халықтық мерекелеу, ұлттық ойындар, домбыраның күмбірлеген үнімен сүйемелденеді.
Домбыра – ежелгі дәуірден келе жатқан қазақ халқының кең тараған қасиетті ұлттық музыкалық аспабы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив