05
сентябрь
2024
қыркүйектің 5-і — Алаш қозғалысының қайраткері
Бүгін, қыркүйектің 5-і — Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 2017 жылы Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Осы атаулы күнге орай мектебімізде 5 қыркүйек күні 11 сынып оқушылар арасында А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тілім менің ғасырларға аманат» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Мақсаты: ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену, тіліміздің мәртебесін көтеру, оқушыларды жүйелі, еркін сөйлеуге баулу. Іс-шарада оқушылар ана тілі туралы мәнерлеп өлең оқыды. Мақал-мәтелдің жалғасын айтып, «Ұшқыр ой – жылдам жауап» деп аталатын викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс-шара барысында оқушылар көптеген мағлұматтармен танысты.


