Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№252 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72432) 4-28-63

Электронная почта
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2024

Қазақ ертегілері

Қазақ ертегілері
Мақсаты: 
    Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі  кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру; Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту; балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл - ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға машықтандыру. Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
«Қазақ ертегілері» тақырыбы аясында №252 Г.Н. Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясында 5-сынып оқушыларын қазақ ертегілерімен таныстыру, талдау, оқу сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізілді.
     Оқуышларға ұсынылған ертегі кітаптарынан Күн астындағы Күнкей, Айсұлу және оның үш ағасы, Қобыланды, Абат және Ақбай батырлардың ерліктері, Аяз би аңыздары мен Алдар Көсенің шытырман оқиғалары туралы оқып,танысты. Сондай-ақ  ертегі кітаптарында қазақ халқының поэтикалық шығармашылығын, оның жақсылықтың зұлымдықты жеңуіне деген берік сенімін бейнелейтін жануарлар мен құстар туралы ертегілер ұсынылған. Бұл жоба ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, әңгімелеуге ғана үйретіп қоймай, балалардың эстетикалық талғамын, білімін, сөйлеу нақышын, қызығушылығын арттыратыны анық. Балалардың ертегілерді оқып, жарыса талдауға деген ынталары зор. Осындай тағылымы мол іс-шаралар балалардың бойында тек ізгіліктің лебін естіретініне сеніміміз мол.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив