Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№252 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72432) 4-28-63

Электронная почта
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықтың өмір салты, оның күнделікті жұмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер ұлттық тағамдар, қонақтарды қабылдау және сыйлау арқылы айқын танылады.
20
март
2024

Халықтың өмір салты, оның күнделікті жұмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер ұлттық тағамдар, қонақтарды қабылдау және сыйлау арқылы айқын танылады.

Халықтың өмір салты, оның күнделікті жұмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер ұлттық тағамдар, қонақтарды қабылдау және сыйлау арқылы айқын танылады.
Қазақтың ұлттық асханасында халықтың жаны, оның тарихы, салт-дәстүрлері айнадағыдай көрініс тапқан. Ол ұтымдылық, экологиялық тазалық және пайдалылық сияқты үш қасиетпен ерекшеленеді.
Әрбір тағам –қақаған аязды қысы және шуақты, кейде адам төзгісіз ыстық әрі құрғақ жазы бар көшпелілердің даладағы қиын өмірге бейімделуіне көмектескен ежелгі тәжірибенің жемісі екенін есте ұстаған жөн.
Ұлттық тағамдар күні әр үйде ет, қуырдақ, бауырсақ, құрт, сүзбе, ірімшік, қымыз, шұбат, айран сияқты ұлттық тағамдар әзірленеді. Көктем мен жаңару мерекесінің басты тағамы – Наурыз көже. Осы мерекеге орай мектебімізде 5-11 сыныптар аралығында "Ұлттық тағамдар " көрмесі мен жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ежелгі заманнан бері Наурызды тойлауда берекелі дастарханға үлкен мән берілген. Халық Наурыз мейрамында дастархан тағамдарға толы болса, жыл бойы соғұрлым сәтті және қауіпсіз болады деп санаған.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив