15
март
2024
15 наурыз – "ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ" күні ⚜
Бүгін наурызнама бойынша қайырымдылық, мейірімділік пен татулық насихатталатын күн. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді. Атаулы мерекеге орай, "Қайырымдылық " күніне, мектебімізде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байшоханова А.Ш. мен әлеуметтік педагог Мырзахметова Ж. ұйымдастыруымен арнайы шара өткізілді.
Шара барысында мектеп директоры сөз сөйлеп, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» қоғамдық қорының мерекеге орай арнайы балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырған «QH Жаздық жолдама - 2024» қайырымдылық жобасы аясында сертификатты мектебіміздің әлеуметтік педагогы Мырзахметова Ж. табыстады.