Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№252 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72432) 4-28-63

Электронная почта
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ӘРБІР БАЛА -ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ»
20
январь
2024

«ӘРБІР БАЛА -ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ»

АТА -АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟
«ӘРБІР БАЛА -ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ» 
18.01.2024 жылы “Ата- аналарды педагогикалық қолдау” орталығының бағдарламасына сәйкес 1-3 сыныптар аралығының (қазақ бөлімінің) ата -аналарымен «Әрбір бала- жарық жұлдыз» тақырыбында дәріс сабақ жүргізілді. Сабақ  барысы ата аналардың «Бес қадам» әдісімен ашылды. Сонымен қатар  топтарға бөлу арқылы берілген тақырып бойынша  өз жұмыстарын көрсете білді.
       Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ұл әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. 
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана екенін есте ұстайық!
Дәріс жүргізген мұғалімдер:
Кенесова Дильнара Бағдатқызы
Оразбекова Назым Молдабайқызы
Сулейменова Жансая Бекетқызы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив