31
август
2023
МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ БОС ОРНЫНА КОНКУРС
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШИЕЛІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№ 252 Г.Н.КОВТУНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ БОС ОРНЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Кандидатқа қойылатын талаптар:
1. Пән бойынша арнаулы орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі ғылыми- педагогикалық (магистрлік) білімін растайтын құжат;
2. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 ж. № 513 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог–сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін “педагог” санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болуы міндетті.
Білуге міндетті:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясын;
2. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексін;
3. Қазақстан Республикасы “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы” Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілерді;
4. Педагогика және психология негіздерін;
5. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;
6. Үлгілік оқу жоспарларын;
7. Оқу бағдарламаларын;
8. Педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін;
9. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын;
Құжаттар тізімі:
1. Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Лауазымдық міндеттері:
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пән ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады:
2. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді;
3. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады;
4. Пәнннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарын құрады;
5. Оқыту процесіне инновациялық ақапараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді;
6. Білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылар мен қамтамасыз етеді.
7. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады. Оны оқу жоспарымен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
8. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады.
9. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 ж. № 513 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен “ жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау: 2023 жылдың 31 тамыз - 6 қыркүйек аралығы;
Конкурс өткізу күні: 2023 жылдың 7-14 қыркүйек аралығы;
Конкурстық құжаттар қағаз түрінде: Қызылорда облысы, Шиелі кенті, С.Сейфуллин көшесі №4 «а» мекен-жайда орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 252 Г.Н. Ковтунов атындағы мектеп гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлімінде қабылданады.
Электронды түрде: 252mektep@mail.kz
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02YNcHvC2G5vw6HM9dmTJ5toMJwFAcn9a5pyGKkKSPZwcMs1miTenBucSp8wxHL7qol&id=100084218779275