04
сентябрь
2024
Әлемде ашық түрде жарияланбай, құпия жүргізілген, тірі адамның жаны түршігерлік алапат соғыс қазақ жерінде ғана өтті. Ол – Семей ядролық сынақ майданы!
Әлемде ашық түрде жарияланбай, құпия жүргізілген, тірі адамның жаны түршігерлік алапат соғыс қазақ жерінде ғана өтті. Ол – Семей ядролық сынақ майданы! Бұл майданның тактикасы мен стратегиясын әскери шенділер емес, ғалымдар тобы жасады. Кеңес үкіметі қалың қазақтың ортасына 456 бомба жарып, 1 миллионнан астам адамды құрбандыққа шалды! Қасірет сепкен полигон Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің 1991 жылғы 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес келесі күні жабылды. Осыған орай 29-тамыз Халықаралық ядролық қарумен күрес күні болып жарияланды.
29-тамыз Халықаралық ядролық қарумен күрес күні мен Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай №252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп - гимназиясында 02.09 күні 7-11 сынып оқушылары арасында мектепшілік "Қазақстан - ядролық қарусыз әлем " тақырыбында эссе байқауы өткізіліп, үздік эссе таңдалды.
Показать перевод

