15
март
2024
Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде адамдар бір-бірімен амандасып,
Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде адамдар бір-бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдіріп, ұзақ өмір, саулық тілеп жатыр. Елімізде кең тараған Амал мерекесі бүгінде көктемгі жаңару мен халықтың бірлігінің символы ретінде барша Қазақстанда тойлануда.
Көрісу күні жасы үлкендердің үйіне арнайы барып, сәлем беріп, құрмет көрсету, ақсақалдардан бата сұрау дәстүрге айналған, адамдар бір-біріне кешіріммен қарап, ескі өкпе-реніштерін ұмытады.
Мектебімізде Көрісу күніне орай 5-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету,жас ұрпақтың бойына сіңірту.
Баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілейміз!