28
сентябрь
2022
"Үздік бейнебаян"
Мектебімізде "Оқуға құштар" жобасы бойынша 28 қыркүйек күні Төлен Әбдіковтың 80 жылдығына арналған "Үздік бейнебаян" іс- шарасы өтті.
Іс-шарада оқушылар жазушының өмірбаяны, шығармашылығымен танысты.
"Қонақтар" әңгімесін оқып, топ бойынша талдау жүргізді. "Сиқырлы микрафон" арқылы сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме берді. Оқушылар Төлен Әбдік туралы және оның шағармаларынан көптеген мағлұмат алып, өз пікірлерімен рефлексия парақшаларына жазды. Заманымыздың заңғар ойлы, зергер зейінді, зиялы жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіков атамызды мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
Жауапты пән мұғалімдері : Дуйсенбекова Н.К, Еспенбетова Э. Е, Қалымбетова Ұ.А.


