18
октябрь
2022
"Үздік ойыншы"
#ҚыранЕлім-Қазахстаным!
12-16 қазан күндері аралығында Сырдария ауданында Білім қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы өтті. Шараның басты мақсаты оқытушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және республикалық мұғалімдер спартакиадасына іріктеу болып табылады. Жарыс барысында облыстық спартакиадаға қатысушы командалардың арасында жеңіске деген үлкен бәсекелестік байқалды. Командалардың шеберлік деңгейі өте жоғары.
Шиелі ауданының намысын қорғаған, спортты жанына серік еткен ұстаздар қауымының сапында N252 мектеп-лицейінің де ұстаздары бар. Маханбетияров Ердос волейболдан , үстел теннисінен Тәжібай Ғалым қатысып, ауданның жалпы командалық 2-орын алуына өз үлестерін қосты. Жарыс қорытындысымен Маханбетияров Ердос (командамен) волейболдан 2-орын иеленсе, Тәжібай Ғалым "Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды.





