Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№252 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72432) 4-28-63

Электронная почта
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2024

*КӨҢІЛ АЙТУ*

*КӨҢІЛ АЙТУ*
№ 252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының  ұжымы әріптесіміз,  денешынықтыру пәнінің мұғалімі, бала болашағы мен тәрбиесі үшін аянбай еңбек етіп келген Сапарбаев Бағдат Келесбекұлы кенеттен дүниеден өтті. Қызметке адалдығы, жанқиярлығы, жауапкершілігі, достыққа адал, уәдеге берік, адамгершіліктен аттап баспайтын керемет қасиеттері Бағдат Келесбекұлының бойынан  табылатын.
Амал қанша...Артта аяқталмаған балалары қалды, атқарылмаған істері қалды.
 Әріптесіміздің асыл бейнесі есімізде мәңгі  сақталады. Оның жұмсақ үні мен келісті келбеті жадымызда қаттаулы. Бақұл бол, аяулы дос, мықты әріптес Бағдат Келесбекұлы!
Топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын. Қалған ғұмырын бала-шағасына берсін!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив